Перейти к содержимому
СРОЧНО

Ведущий

Дастан Оразбеков

1982 жылы 5 ақпанда туған.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы «Халықтар достығы» университетін музыка мамандығы бойынша аяқтады.

Шығармашылық жолын 2012 жылы «Қазақстан дауысы» тележобасынан бастап, ширек финалға дейін жетті. Кейін «X-Factor» және «Жұлдыздар фабрикасы» секілді жобаларға қатысып, жеке орындаушы әрі топ құрамында өнер көрсетті.

Театр сахнасында да белсенді еңбек етті: Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында актер, кейіннен әнші ретінде де танылды.

Телевизия саласында 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Алғашқы қадамын «Хабар» арнасындағы «Оян» таңғы бағдарламасында бастаған. Қазір «Еуразия» бірінші арнасындағы «Қайырлы таң, Қазақстан!» бағдарламасының жүргізушісі.