23 қаңтар 1976 жылы Тараз қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің түлегі.
Еңбек жолын 2001 жылы 31 арнадағы «Информбюро» жаңалықтар қызметінде журналист болып бастады.
2002–2008 жылдары «Қазақстан РТРК» арнасының жаңалықтар жүргізушісі әрі тілшісі.
2008–2013 жылдары «Астана» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі, апталық-сараптамалық бағдарлама журналисі.
2013–2020 жылдары «А+1» Продюсерлік орталығында ҚР Президентінің қатысуымен өткен салтанатты шараларды жүргізуші, республикалық деңгейдегі ірі жобалар жетекшісі, музыкалық продюсер және креатор қызметін атқарды.
2021–2022 жылдары 7 арнада «Оян, Qazaqstan!», 2022 жылы 7 арнада «SanTaram», 2022–2025 жылдары Хабар арнасында «Оян!» телевизиялық жобасының авторы және жетекшісі болды.
Қазір «Еуразия» бірінші арнасында «Қайырлы таң, Қазақстан» таңғы бағдарламасының жүргізушісі әрі жетекшісі.