Әлеуметтік желілерде банктің қатысуынсыз бөліп-бөліп төлеуге пәтер сату туралы хабарландырулар жиілеп кетті. Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшылары мұндай мәмілелердің тәуекелдері туралы ескертуде.
Қаржы нарығын реттеу агенттігінің мәліметтері бойынша, мұндай ұсыныстардың бірқатары алаяқтық схемалар болып табылады. Сатып алушылар бастапқы жарнаны жоғалтып, тұрғын үйсіз қалу қаупіне ұшырайды.
Мамандар құрылыс салушыларды ресми тізілімдер арқылы тексеруді, ақшаны жеке шоттарға аудармауды және шарттарды міндетті түрде нотариус арқылы жасасуды ұсынады.