1991 жылы дүниеге келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдады, әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Еңбек жолын 2011 жылы бастап, содан бері ақпарат саласында үздіксіз қызмет атқарып келеді. Әлеуметтік мәселелерді көтеру, қоғамдағы әділетсіздіктерді ашық айту — оның негізгі кәсіби бағыты.
2022 жылдың 7 ақпанынан 2024 жылдың желтоқсан айына дейін «Евразия» арнасындағы «Көреміз» әлеуметтік ток-шоуының жүргізушісі болды. Бағдарлама арқылы қоғамда резонанс тудырған көптеген мәселелердің шешілуіне ықпал етті.
2023 жылы кәсіби еңбегі жоғары бағаланып, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Қазіргі таңда телевизия мен YouTube платформасында әлеуметтік проблемаларды көтеріп, қоғамдық пікір қалыптастыруға және нақты мәселелердің шешілуіне белсенді түрде атсалысып келеді.
2026 жылдың ақпан айынан бастап «Еуразия» арнасындағы «Анықтаймыз. Руслан Өтепбаймен» жобасының жүргізушісі.